Консервативті партияның жаңа жетекшісі, сәйкесінше Ұлыбритания үкіметінің басшысы болып Лиз Трасс сайланды, – деп хабарлайды ВВС.
47 жастағы Трасс Тори партиясының қайраткері. Қазір ол шын берілген консерватор және оңшыл либерал.
Лиз Трасс салықтарды азайтуға, атап айтқанда, оның қарсыласы – қаржы министрі Риши Сунак енгізген немесе жоспарлаған денсаулық сақтаудағы салықтар мен корпоративті салықты өсірмеуге уәде беріп отыр.
Сонымен қатар Ұлыбритания үкіметінің жаңа басшысы мемлекеттік шығыстардың жалпы ревизиясын өткізуге, сондай-ақ жеңілдетілген ережелер мен фирмаларға қойылатын талаптары бар инвестициялық аймақтар құруға уәде етті.