Таяу күндері солтүстікте үсік жүреді
Таяу күндері солтүстікте үсік жүреді
Фото: vsegda-pomnim.com
343
оқылды
«Қазгидрометтің» мәліметінше, солтүстік-батыс антициклоны әсерінен күн салқындайды. Тек қана оңтүстікте күн жылы болады. Атмосфералық фронт әсерінен республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады. 8 қыркүйекте шығыста, 10 қыркүйекте батыс, солтүстік-батыста – қатты жаңбыр, найзағай, желдің күшеюі және бұршақ жаууы мүмкін. Сондай-ақ түнде Қазақстанның солтүстік-батысы мен солтүстігінде топырақ бетінде 1 градусқа дейін үсік күтілуде. Елдің солтүстік жартысында ауа температурасы: түнде 2-12, күндіз 15-25 жылы, батыста 2-14, күндіз 10-24 жылы, орталықта және шығыста 1-18, күндіз 15-32 жылы, оңтүстік жартысында 10-23, күндіз 20-35 жылы болады.