Полицейлер өзгенің көлігін қасақана өртеп жіберген күдіктіні ұстады
Полицейлер өзгенің көлігін қасақана өртеп жіберген күдіктіні ұстады
Фото: polisia.kz
324
оқылды
Ақмола облысында күдікті көлікті әдейі өртеген, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Polisia.kz-тің дерегінше, 7 қыркүйекте Ақкөл аудандық полиция бөліміне Ақкөл қаласының 50 жастағы тұрғыны шағымданған. Жәбірленушінің айтуынша, дәмхана жанындағы тұрақта оның "ВАЗ-2107" автокөлігін өртеп жіберген. Шығын көлемі – 1 миллион теңге. Полицейлер күдіктіні ұстады. Бұрын сотталған 28 жастағы ер адам көлік иесінің қол астында жұмыс істеген. Ер адам жұмысқа шықпай қойғандықтан, жұмыстан босатылған. Ерегіскен жұмыссыз күдікті қараңғыда көлікті өртеп жіберген. Аталған факті бойынша ҚК-нің 202-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды. Оқиғаның мән-жайын тергеушілер анықтап жатыр