Ресей туроператорлары қауымдастығы (ATOR) Латвия, Литва, Эстония, Польша, Чехия, Словакия, Дания, Бельгия және Нидерланд туристік визалар беру үшін ресейліктерден құжаттарды қабылдауды тоқтатқанын хабарлады. Ресейдің Еуропалық Одақтағы тұрақты өкілі Владимир Чижов Ресейдің ресейліктер үшін виза режимін жеңілдету туралы келісімнің тоқтатылуына жауап ретінде соған ұқсас шаралар қабылдауды жоспарламайтынын айтты, - деп хабарлайды Ulysmedia.kz шетелдік басылымдарға сілтеме жасап.
«Біз оларға дәл солай жауап бермейміз. Демократияға, қозғалыс еркіндігіне берілген ел болып қала береміз. Орыстардың шын мәнінде қалай өмір сүріп жатқанын және Ресейде не болып жатқанын көргісі келетіндер үшін ашық ел боламыз», - деді Владимир Чижов.Латвия, Литва, Эстония, Польша, Чехия, Словакия, Дания, Бельгия және Нидерланд ресейліктерге туристік виза беруге құжаттарды қабылдамайды. Италия, Испания, Греция, Франция, Венгрия Шенген визасына құжаттар қабылдауды жалғастыруда, Кипр ұлттық виза береді. ЕО Кеңесі Ресей әскерінің Украинаға басып кіруіне жауап ретінде 12 қыркүйектен бастап Ресеймен жеңілдетілген визалық режимді тоқтату туралы шешім қабылдаған.