«AMANAT» партиясының «Жастар рухы» Жастар қанаты жекпе-жекте Головкинді қолдауға шақырды
«AMANAT» партиясының «Жастар рухы» Жастар қанаты жекпе-жекте Головкинді қолдауға шақырды
Фото: boxing-tv.ru
329
оқылды
«AMANAT» партиясының «Жастар рухы» Жастар қанатының жетекшісі Нұржан Жетпісбаев қазақстандықтарды мексикалық боксшы «Канеломен» жұдырықтасатын отандық боксшы Геннадий Головкинді қолдауға шақырды.
"Достар, санаулы күндерден соң жерлесіміз, халық чемпионы Геннадий Головкин Сауль Альвареспен трилогиясын өткізбек. Әлемдік ареналарда қазақ елінің байрағын желбіретіп жүрген отандасымызға ел болып сәттілік тілеп, жанкүйер болайық. Сіздер үшін барлық аймақтардағы «Жастар рухы» ұйымдастыратын арнайы көрсетілімде чемпионға бірге қолдау көрсетейік. Әлеуметтік желілерде #РухтастарGGGқолдайды #GGGалға хэштегін пайдаланып, өз фото/видеоларыңызбен бөлісе отырыңыздар. Бүкіл жанарды жаулаған жекпе-жекті рухтастармен бірге көруге шақырамын", – деп жазды ол әлеуметтік желіде.
Айта кетейік, бұған дейін Головкин-Канело жекпе-жегін тікелей эфирден сағат нешеде көруге болатынын хабарлаған болатынбыз.