Иркутск облысының Усть-Илимск қаласында 25 жастағы ер азамат әскери комиссариатта оқ жаудырған. Салдарынан шақыру комиссиясының бастығы жарақат алып, өте ауыр жағдайда жансақтау бөліміне жеткізілді, - деп хабарлайды "Инцидент Усть-Илимск" телеграм-каналы.
Желіде оқиғаның видеосы жарияланды.
Оқ атқан 25 жастағы Руслан Зинин есімді жергілікті тұрғын екені анықталды.
Иркутск облыстық полициясының баспасөз қызметі бұл оқиғаға қатысты әлі түсініктеме берген жоқ.