Ресейдегі Ижевскіде болған атыстан қаза тапқандар саны 13 адамға жетті. Олардың арасында 7 бала бар. 21 адам жарақат алды, оның 14-і – бала. Бұл туралы Ресей Тергеу комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті, – деп хабарлайды ТАСС агенттігі.
«Алдын ала мәліметтер бойынша, құрбан болғандар саны 13 адамға жетті. Олардың 6-ы – ересек адам болса, 7-і – бала. Тағы 14 бала мен жеті ересек адам жарақат алды», – деп нақтылады Тергеу комитеті.
Бұған дейін аталған қайғылы оқиғадан 9 адамның қаза тапқаны хабарланған болатын.
Ресей ІІМ баспасөз қызметі мәлім еткендей, атыс ұйымдастырған ер адамның мәйіті табылды, ол өз-өзіне қол жұмсаған.
«Полиция оқ атқан ер адамның мәйітін тапты. Қолда бар мәліметтер бойынша, ол өз-өзіне қол жұмсаған», – деді ведомствоның баспасөз қызметі. Тергеу комитеті бұл ақпаратты растады.
Ресейдің Ұдмұрт республикасындағы Ижевск мектебінде болған атыстан кейін 26-29 қыркүйек аралығы аза тұту күні болып жарияланды.