Оңтүстік Корея астанасы Сеулде Хэллоуин мерекесіне арналған кеште 120 адам қаза болды, деп хабарлайды Inform.kz.
Қайғылы жағдай Сеулдің Итхэвон ауданында болды.
Ел президенті Юн Сок Ёль бірнеше мәрте шұғыл жиналыс өткізді. Ол зардап шеккендерге дереу алғашқы көмек көрсетуді тапсырды. Сондай-ақ Итхэвонға жедел медициналық көмек мамандарын аттандыруды, шұғыл көмек көрсетілетін төсек-орындар дайындауды жүктеді.
Алдын ала болжам бойынша, Хэллоуин мерекесінде адамдардың үлкен тобы Hamilton отелі маңындағы тар көшеге кіріп, бірін-бірі таптаған.