Рэп айтатын ақсақал Қазақстанда топ жарды
Рэп айтатын ақсақал Қазақстанда топ жарды
875
оқылды
«Қара шал» лақап атымен танымал ақсақал бүгінде хип-хоп айтатын болған. Онда да этникалық рэп орындайды. Бұл дегеніміз – Қазақстан мен түркітілдес кеңістігінің музыкалық мәдениетінде ерекше жоба. Бұл жайында NewTimes.kz хабарлады. Рэп орындаушының шығармашылығындағы басты ерекшелік – арғы ата-бабаларымыздың көне руна жазуын бүгінгі күннің сұранысына сай заманауи поп-мәдениетіне ендіру. Яғни, көне түркі әліпбиінің әрбір сөзі заманауи әуеннің үлгісінде орындалады.
– «Қара шал – көнекөз қария. Ол этнохоп жанры арқылы халықтың қиын тағдырын баяндайды. Осы арқылы жас айырмашылығы да, шығармашылық шекараның жоқтығын байқауға болады. Өйткені бұрынғы көне дала нақышы мен хип-хоптың үйлесім тапқанын көре аламыз, – дейді әртістің менеджері.
Жобаның «Айтам» деп аталатын алғашқы композициясында 1968 жылғы «Тақиялы періште» фильмінің дауыс фрагментін пайдаланған. Бұл – Алтын қордағы ұлттық киноны көпшілікке танытудағы алғашқы қадам. https://youtu.be/CyPlHvD0_sM