Ерекше жандарға арналған ерекше орталық
Ерекше жандарға арналған ерекше орталық
813
оқылды
Мемлекет алдындағы ма­ңызды міндеттердің бірі – мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау сала­сын­дағы саясатты жетілдіру. Осы­лайша, олардың қоғамға то­лыққанды сіңісіп, басқа­лар­мен тең өмір сүруі, жұмыс істеуі және оқуы, қоғам өмі­ріне еркін қатысуы, белгілі бір шешімдер қабылдауы үшін кедергілерді еңсеруге, жоюға бағытталуы керек. Өйткені ерек­ше қажеттіліктегі адам­дарға қамқорлық көрсету – қоғам алдындағы парыз. Елімізде қазір осындай топтағы 705 мың адам тұрады. Оның 421,5 мыңы еңбекке қабілетті жаста, 181,9 мыңы зейнеткер және 101,6 мыңы балалар. Оның ішінде бас қалада 26 730 мүмкіндігі шектеулі жан бар. Олардың дені ересектер. Мемлекеттің қолдауы мен қоғам өкілдерінің қамқорлығына мұқтаж осынша жанға кедергісіз орта қа­лыптастырылып, оңалту жұмыс­тарына да ден қойылып келе жат­қаны қуантады. Портал қызметін қолдану жеңілдеді Бүгінде мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау сала­сындағы қоғамдық қа­тынастарды реттейтін және олар­дың тiршiлiк-тынысы, қоғаммен етене араласуы үшiн тең мүмкiн­дiктер жасаудың құқықтық, эко­номикалық және ұйымдастыру­шылық шарттарын айқындайтын заң да, бағдарламалар да баршылық. Сол арқылы оларға әлеуметтік жәрдемақыдан бастап оңалту жұ­мыстарына дейінгі қа­жетті қызмет нормативтік құқық­тық актілермен реттелген. Мысалы, әлеуметтік оңал­туда техникалық көмекші құ­ралдармен қамтамасыз ету мақ­сатында мүмкіндігі шектеулі адам­дар жеке көмекші және ымдау тілі маманының қызметтерімен қам­тылады. Сондай-ақ оңалтудың тех­никалық көмекші құралдары да қарастырылған. Айталық, есту қа­білеті бұзылған адамдарға веб-ка­мерасы бар ноутбук, сөйлеу синтезі бар экрандық қол жеткізу бағ­дар­ламасымен қамтамасыз етілген ноутбук, көру қабілеті бұзылған адамдарға дыбыспен хабар беретін және диктофоны бар ұялы теле­фондар секілді 55 түрлі заманауи сурдотехникалық және тифло­тех­никалық құралдар да беріледі. Биыл­дың өзінде қызмет көрсетудің бұл түрі ашық әрі оңайландырылған. Мәселен, жыл басынан бері елор­дада портал арқылы 20 010 тапсы­рыс берілген екен. Одан бөлек, 18 өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы жұмыс істейді, онда мамандар оқы­ту жүргізеді және порталды қолдану бойынша түсіндіру жұмысы жа­салады. Себебі портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техни­калық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік жа­сайды. Яғни, көмек түріне тапсы­рыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Ал тапсырыс бе­рілген оңалтудың техникалық құралдарды қолданушыға жеткізу қызметі бар. Өз бетінше алып ке­туіне де болатын мүмкіндік қарас­тырылады. Қазір бұл порталда ар­наулы әлеуметтік қызметтер көр­сететін медициналық-әлеуметтік мекеме, ОТҚ жеткізуші, жеке кө­мекшілер, ымдау тілінің қызметі, са­наторлық-курорттық емдеу, ке­пілдік берілген әлеуметтік топта­маны жеткізушілер тіркелген. Қыз­метті алушылар көмек керек бол­ғанда 1414 бірыңғай нөміріне қоңырау шалып кез келген кеңес алуына болады. Мысалы, сондай елор­дадағы «Жанұя» отбасы инс­титутын қолдау орталығындағы мүм­кіндігі шектеулі жандарға тех­никалық оңалту құралдарын ұсыну және әлеуметтік қызметтер көрсету мерзімдерін 8 айдан 1-2 аптаға де­йін қысқартуға мүмкіндік беретін онлайн-дүкеннің артықшылығы көп. Қазір ерекше қажеттілігі бар жандар өзіне керекті қызметтерді электронды цифрлық қолтаңба арқылы үйден шықпай-ақ портал арқылы ала алады. Ал тауарларды жеткізушілер осы порталда тір­келіп, барлық тиісті сертификаттар мен құжаттарды ұсынса болды. Былтыр жұмысын бастаған Ас­танадағы «Ерекше балалар» оңал­ту орталығында да ерекше қажетті­ліктері бар 157 бала бар. Орта­лықтың қызметі тегін. Мүгедектігі бар балалардың аналарының қолдауымен құрылған оңалту ме­кемесінде сал ауруы мен аутизмге, Даун синдромына шалдыққан балалардан құралған он топ жұмыс істейді. Қазір бұл жерде балаларға дефектолог, логопед, музыкалық терапевт, массажист, нұсқаушы мамандар көмек көрсетеді. Оңалту орталығының желісі кеңейеді Қалалық әкімдік әлеуметтік проблемаларды еңсеру және мү­гедектігі бар адамдардың қоғам өміріне қатысу мүмкіндіктерін қа­лыптастыру мақсатында стационар, жартылай стационар және үйде күтім жасау секілді арнаулы әлеу­меттік қызметке де көп көңіл бө­луде. Айталық, ол қажеттілікке бай­ланысты әлеуметтік-тұрмыс­тық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеу­меттік-педагогикалық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени, әлеу­меттік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық секілді 8 бағытты қам­тиды. Стационарлық ұйымдардың тиімділігі сол, соңғы жылдары от­басылық құндылықтарды ны­ғай­туға бағытталған жұмыс өз жемісін беріп келеді. Нәтижесінде, бұрын республика бойынша стационарлық мекемелерде болған 800-ден астам бала өз отбасыларына қайтарылды. мүмкіндігі шектеулі жандар Ендігі жерде Мемлекет бас­шысының Жолдауында айтылған­дай, ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өмір сүру сапасын жақ­сарту міндетіне сәйкес, алда оңалту орталықтарының желісін ке­ңейту міндеті тұр. Бұл орайда да елорда әкімдігі ерекше қажеттілігі бар адамдарға қолдау көрсетуге әзір. Әлеуметтік және көлік инфра­құрылымы объектілерін паспорттау және бейімдеу жолымен кедергісіз ортаны қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Мүмкіндігі шектеулі жандарды жұ­мыспен қамтуға жәрдемдесу бо­йынша белсенді шаралар қабыл­данып, білім беруде жеңілдіктер ұсынылады. Мәселен, қоғамның әлжуаз тобына кіретін адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған әлеу­меттік қорғау жүйесі жұмыс істейді. Одан бөлек, ерекше қажеттілігі бар адамдарға жәрдемақы тағайындау да жолға қойылған. Бүгінде бас қаладағы осы санатқа жататындарға жәрдемақы мөлшері мүгедектіктің тобына және себебіне, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленген ең төменгі күн­көріс деңгейінің шамасына байла­нысты есептеледі. Қоғамдық көлік қолайлы болу керек Астана қаласы әкімдігі қаладағы ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін бірнеше қызмет көрсету түрін қолға алып отыр. Оның ішінде, «Инватакси» қызметімен тегін жол жүру, қатты отын сатып алу, ком­муналдық қызметтер үшін өтемақы, газдандыру, ТЖҚ-дағы әлеуметтік көмек, протездік-ортопедиялық көмек, кресло-арбалар, тифло-сур­до-құралдар,міндетті гигиеналық құралдар, тіс протездеу, сауықтыру-курорттық емдеу, жеке көмекші және жестау тілі маманының қыз­меттері ұсынылады. Ал әлеуметтік көмек түрінде мерекелік және ай­тулы күндерге біржолғы ақшалай төлемдер беріледі. Бұдан бөлек, әкімдік тарапынан мүгедек баланы тәрбиелеушілерге ай сайынғы жәрдемақы да қарастырылған. Айталық, қазір 1 топтағы мүгедекке күтім жасау бойынша ай сайынғы жәрдемақы 52 344 теңгені құрайды. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қалада екі заманауи спорт кешені жұмыс істейді. Паралим­пиадалық жаттығу орталығы оларға толықтай бейімделген. Онда спорт, жекпе-жек және көпфункционалды ойын залы бар. Олар парапауэр­лифтинг, парадзюдо, паратаэк­вон­до, үстел теннисі, ұлттық спорт түрлері, отыру волейболы, голбол, бочча, арба билері сияқты спорт түрлерімен айналысуға мүмкіндік береді. Бұл жерге бүгінде айына 3000-3600 адам келеді екен. Сон­дай-ақ елордада «Инватакси» қыз­метінің 75 автокөлігі жұмыс істейді. Олардың қызметін қаладағы 1894 мүмкіндігі шектеулі жан пайда­ланады. Оның 810-ы балалар. Мүм­кіндігі шектеулі жандар үшін са­наторий-курорттық емдеуге жұм­салған шығындарды да мемлекет өтейді. Қалалық жолаушылар кө­лігінде тегін жол жүру де қарас­тырылған. Ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін кедергісіз ортаны қамтамасыз ету бойынша жол картасын орын­дау – алдыңғы кезекте атқарылу мін­деттелген. Оған сәйкес, қала­дағы ғимараттар мен құрылыс­тардың қолжетімділігі, ақпараттық қамтамасыз ету, автомобиль жол­дары мен тротуарлардың болуы, жұмысқа орналастыру, оңалту қызметтерінің сапасын арттыру да маңызды. Мәселен, былтыр Алматы, Са­рыарқа, Байқоңыр, Есіл ауданы әкімдерінің аппараттарымен объек­тілерді паспорттауды жүргізу бойынша жұмыс топтары құрылды. Сөйтіп, паспорттауға және бейімде­луге жататын объектілердің тізім­дері қалыптастырылды. Ол бойын­ша 259 нысанды бейімдеу бойынша жұмыстары жүргізілген. Оның ішінде денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, шағын және орта бизнес, мемлекеттік мекемелер, ХҚКО, Қазпошта филиалдары, әуе­жай, вокзал секілді қоғамдық орындар кіргізілді. Шағын жо­лау­шыларға арналған пандустармен 839 автобус жабдықталған. Бұл дегеніңіз, қаладағы қоғамдық кө­ліктердің жалпы санының 75,6%-ы. Пандустармен жабдықталған 839 автобустың ішінде 628-і IVECO маркалы және 211 жиналмалы МАЗ және ЛиАЗ маркалы автобустар. Қазіргі кезде жаңа автобустарды сатып алу кезінде пандустың болуы маңызды болып отыр. Бұдан басқа, Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұ­ры­лымын дамыту басқармасының мамандары тұрақты негізде қала­ның көше-жол желісіне ақаулар бар-жоғына тексеріс жүргізуді тұ­рақты дәстүрге айналдырды. «109» қызметіне және әлеуметтік желілер арқылы келіп түсетін өті­ніштер дер кезінде қаралып, аудан әкімдік­терінің тиісті нұсқама беріледі. Жалпы алғанда, бас қаладағы мемлекеттің мейіріміне мұқтаж жандарды қолдау мен қоғамда бе­йімдеу жұмысында атқарылып жатқан оң істер көп. Әлеуметтік қызмет қана емес, әкімдік тара­пынан «әлемді мейірім құтқарады» демекші, әр күн сайын ерекше қажеттіліктегі адамдардың көңіл-күйін көтеріп, өмірден күдерін үз­беуге айрықша назар аударылады. Мәселен, жақында ғана елордадағы «Тарлан» мұз алаңында айрықша физикалық қажеттіліктері бар ба­лаларға арналған «Мұздағы көңілді старттар» отбасылық мере­кесі ұйым­дастырылды. Бұл шара соңғы жылдары дәстүрлі түрде өтеді. Ша­ра мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік ортаға бейімдеу, отбасы мен қоғамда баланың тұлғалық дамуына жәрдемдесу, балалар үшін мазмұнды шаралар ұйымдастыру, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттауға арналған. Сондай-ақ Астана қаласы Мәдениет басқар­масы және Байқоңыр ауданы әкім­дігінің қолдауымен «Біз әртүрліміз, бірақ бәрімен теңбіз» ұранымен «Инклюзия ханымы – 2022» әлеу­меттік жобасы да рухы мықты қыз­дарды ортаға бейімдеуге арналды. Сұлулық сайысы мүмкіндік шек­телсе де өмірге құштарлық өшпей­тінін дәлелдей алды. Ерекше жан­дардың ерік-жігері төрт құбыласы түгел жандардан да мықты бо­латынын көрсететін мұндай шара елорда төрінде үнемі ұйым­дас­ты­рылады. Себебі өмірдің сынағына қайыспас қайсарлық танытқан жандарды материалдық қолдау­мен бірге рухани демеу де ерекше маңызды.