Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабы Қызылорда облысында кездесулер өткізді
Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабы Қызылорда облысында кездесулер өткізді
499
оқылды
Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың  Республикалық қоғамдық штабының сайлаушылармен кездесуі Қызылорда облысында жалғасты.    width= Кәсіпкерлермен және аграрлық сектор өкілдерімен кездесуде РҚШ мүшелері өңірдегі көлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту мәселелерін талқылады.  width= Бұдан соң Қызылорда жылу электр орталығының ұжымымен кездесу өтті. Кездесу барысында РҚШ мүшелері коммуналдық шаруашылық саласындағы кандидат ұсынған реформалар туралы айтып берді.  width= Осы күні РҚШ мүшелері айтыскерлермен және жыршылармен кандидаттың мәдениет пен өнерді дамытуға, сондай-ақ халықаралық аренада Қазақстанды бейбітшілік пен келісім, ізгілік пен толеранттылық елі ретінде танытуға бағытталған сайлауалды бастамаларын талқылады.  width=
«Қазір біздің еліміз дамудың жаңа кезеңін бастан өткеріп жатыр және халықтың ертеңгі күнге деген сенімі зор. Әділдік бар жерде — халықтың ынтымағы да, өзара ауызбіршілігі де бекем. Мұндай қоғамның тұрақты дамитыны да сөзсіз. Барлығымыз алдағы сайлауға белсенді қатысуымыз қажет, себебі еліміздің ертеңгі тағдыры әрбіріміздің дауысымызға байланысты», – деп атап өтті жыршы Ұлжан Байбосынова.