Соңғы 8 жылда климат күрт өзгерді
Соңғы 8 жылда климат күрт өзгерді
©smotrim.ru
1,032
оқылды
Соңғы 8 жылда климат күрт өзгеріп, күн жылынды. Бұл жайында Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның (ДМО) «2022 жыл: Жаһандық климаттың жай-күйі» жайында берген есебін жарияланды. Олардың мәліметінше, соңғы 8 жыл жер бетіндегі ең жылы жыл болған. Оның бірден-бір себебі, парниктік газдар концентрациясының артуы. Соның салдарынан жаһандық ауа температурасы жылына түскен. Күннің қатты ысуынан жер бетін құрғақшылық жайлап, көп жерді су басты. Осының кесірінен биылдың өзінде миллиондаған адам зардап шегіп, көп ел миллиардтаған шығынға ұшырады. «Климат күрт өзгеріп, табиғи апат жылдан-жылға артып келеді. Мысалы, теңіз деңгейінің көтерілу қарқыны 1993 жылдан бері екі есеге өсті. 30 жыл бұрын спутниктік өлшеулер басталғаннан бері, соңғы екі жарым жылда теңіз деңгейі 10 пайызға көтерілген. Еуропалық Альпідегі мұздықтар еріп, бүкіл аумақ бойынша 3-4 метр қалыңдығын жоғалтып, рекорд жасады. Сөйтіп, 2022 жылдың өзінде үлкен шығынға ұшырады. Мысалы, Гренландия мұз қабаты 26 жыл қатарынан салмағын жоғалтуда. Тіпті, өткен қыркүйекте бірінші рет жаңбыр жауып, рекорд орнатты. Нәтижесінде, 2022 жылдың соңына қарай жаһандық орташа температура 1850-1900 жылдардағы орташа көрсеткіш шамамен 1,15°C жоғары болады», - делінген баяндамада. 2021 мен 2022 жылдың аралығында Швейцариядағы мұздықтардың көлемі шамамен 6 пайызға азайған. Тіпті, тау бөктерінің ең биігіндегі қардың өзі жаз соңына жетпей еріп кетті. Сол себепті де тауда ешқандай мұздақтар жиналмаған. Оның үстіне, соңғы 30 жылда орташа әлемдік теңіз деңгейі жылына шамамен 3,4 мм көтерілген. Ал судың көтерілуі жер бетінде мұздың жаппай еруімен байланысты. Сонымен бірге, антропогендік парниктік газдың шығарындыларынан жиналған жылудың 90% мұхит өзінде сақтайды. Былтырдан бері  мұхиттың жоғарғы екі мың метрі рекордтық деңгейде жылынуы тоқтар емес. –  Жылынуы күшейген сайын, салдары соғұрлым қиындай түседі, – дейді ДМҰ Бас хатшысы профессор Петтери Таалас.