«Айдос Ербосынұлы ертерек сауығып кетсе екен» – Геннадий Головкин
«Айдос Ербосынұлы ертерек сауығып кетсе екен» – Геннадий Головкин
Фото: meta-ratings.kz
661
оқылды
Геннадий Головкин халі мүшкіл боксшы Айдос Ербосынұлына ертерек сауығып кетуіне тілектестік білдіріп, бауырларына күш-қуат тіледі. Бұл туралы Instagram парақшасында жазба жариялады.   [caption id="attachment_226146" align="alignnone" width="700"] width= Фото: Г.Головкиннің парақшасынан алынды[/caption] Кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлы АҚШ-тың Миннеаполис қаласында өткен титулдық жекпе-жекте нокаутпен жеңілді. WBA World титулы үшін жекпе-жек 12 раундқа жоспарланған еді. Бірақ жекпе-жектің аяқталуына санаулы сәт қалғанда кубалық боксшы Давид Моррель Айдос Ербосынұлын нокаутқа жіберді. Ауыр соққы алған Айдос Ербосынұлы комада жатыр.