Криштиану Роналду "Манчестер Юнайтед" клубынан кетті
Криштиану Роналду "Манчестер Юнайтед" клубынан кетті
407
оқылды
«Манчестер Юнайтед» клубы мен португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду арасындағы келісімшарт бұзылды. Бұл туралы команданың ресми сайтында жарияланды. Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, тараптар өзара осындай келісімге келген. «Манчестер Юнайтед» португалиялық ойыншыға команданың дамуына қосқан үлкен үлесі үшін алғыс білдірді. Клубқа екі рет келіп, осымен екі рет кеткен Криштиану 346 матчта 145 гол соқты. Сонымен қатар бас бапкер, нидерландылық маман Эрик тен Хагқа сенім білдіріп, алдағы уақытта да бірлескен жұмыстарын жалғастыратынын жеткізген. Бұдан бұрын К.Роналду ұлыбританиялық журналист Пирс Морганға сұхбат беріп, Эрик тен Хагты құрметтемейтінін айтқан болатын. К.Роналдудың өзі «Манчестер Юнайтед» пен оның жанкүйерлерін жақсы көретінін, клубқа тек жақсылық тілейтінін жеткізді. Роналду ағылшындар командасына 2021 жылдың жазында оралған еді.