Түркістан облысында 200-ден астам қойды сатып жіберген шопан ұсталды
Түркістан облысында 200-ден астам қойды сатып жіберген шопан ұсталды
Фото: syrboyi.kz
786
оқылды
Түркістан облысында 11 миллион теңгенің малын сатып жіберген шопан ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Polisia.kz-тің жазуынша, Ордабасы полициясына жергілікті тұрғын арызданып, 221 қойы мен үш сиыры жоғалғанын хабарлаған. Жәбірленушінің айтуынша, биыл тамыз айында малын жергілікті тұрғынға сеніп тапсырған. Алайда 3 айдан соң малын санағанда бір бөлігі жоқ болып шыққан. Бұл факті Қылмыстық кодекстің 189-бабы (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) бойынша тіркелді. Полицейлер мал ұрлығына қатысы бар, бұрын сотты болған Ордабасы ауданының тұрғынын ұстады. Ол малды сатып, ақшасын өз қажеттілігіне жұмсаған. Жалпы, шығын көлемі 11 миллион теңгеден астам. Тергеу жүргізіліп жатыр.