"Томирис" - кейінгі жылдардағы сапалы түсірілген тарихи фильмнің бірі" деген баға алды
"Томирис" - кейінгі жылдардағы сапалы түсірілген тарихи фильмнің бірі" деген баға алды
592
оқылды
14 желтоқсанда Сауд Арабиясындағы Ambassadors Choice International Film Festival кинофестивалінде қазақстандық режиссер Ақан Сатаевтың "Томирис" атты көркем фильмі көрсетілді. Кино ежелгі грек тарихшысы Геродот Галикарнастың массагет патшайымы туралы әңгімелейтін шежірелеріне негізделген. Фестивальге Қазақстанмен қатар Үндістан, Испания, Аустралия, Куба, Швеция, Бангладеш, АҚШ, Ливан, Сауд Арабиясы, Алжир, Ливан, Палестина сияқты елдер қатысты. Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, фильмді жергілікті көрермендер мен дипломатиялық корпус өкілдері жоғары бағалаған. Олар сонымен бірге жауынгерлік, шабандоздық көріністерінің шебер орындалғанын айтып, "Томирис" фильмін кейінгі жылдардағы сапалы тарихи фильмдердің бірі деп атаған.