Садриддин Ахмедов пен Батыр Жүкембаевтың әлем рейтингіндегі орны белгілі болды
Садриддин Ахмедов пен Батыр Жүкембаевтың әлем рейтингіндегі орны белгілі болды
2,713
оқылды
Boxrec.com қазақстандық боксшылар Садриддин Ахмедов, Батыр Жүкембаев және Абылайхан Құсайыновты Алматыдағы жеңісінен кейін рейтингке қайтарды. Садриддин Ахмедов (13-0, 11 КО) бірінші раундта Оңтүстік Африкадан келген боксшы Нкулулеко Мхлонгоны (23-11-1, 18 КО) төрт рет нокдаунға жіберді. Одан кейін қарсыласы екінші раундқа шықпаймын деп шешті. Бірінші орта салмақтағы BoxRec рейтингінде Ахмедов қазір 55-орында. Батыр Жүкембаев (20-1, 16 КО) оңтүстікафрикалық Ксолани Мкотхелиді (19-8, 12 КО) үш рет нокдаунға жіберіп, алтыншы раундта техникалық нокаутпен жеңді. Бірінші жартылай орта салмақтағы BoxRec рейтингінде Жүкембаев 67-орынға жайғасқан. Соңында Абылайхан Құсайынов (12-0, 9 КО) тәжікстандық Бахтовар Сағызовты (0-4) жарақаттады, сөйтіп тәжік спортшысы екінші раундқа шығудан бас тартты. Жеңіл салмақтағы BoxRec рейтингінде Құсайынов 383-орында тұр. Айта кетейік, қазақстандық үш боксшы да бұрын сайттың рейтингінен шығып қалған болатын. Өйткені үшеуі ұзақ уақыт жекпе-жекке шықпады.