Әлемдегі ең қымбат футболшылардың тізімі жарияланды
Әлемдегі ең қымбат футболшылардың тізімі жарияланды
3,167
оқылды
Германияның Transfermarkt порталы әлемдегі ең қымбат ойыншылардың командасын таныстырды. Мадридтік «Реалдың» ойыншысы Тибо Куртуа 60 миллион еуроға бағаланған ең қымбат қақпашы атанды. Қорғанысқа РБ Лейпцигтен Джошко Гвардиол (75 млн), «Манчестер Ситиден» Рубен Диас (75 млн) және «Бавариядан» Маттейс де Лигт (70 млн) кіреді. Ең қымбат жартылай қорғаушылар: «Боруссия Дортмундтың» ойыншысы Джуд Беллингем (110 млн), «Барселона» сапындағы Педри (100 млн), «Реалдың» ойыншысы Винисиус Джуниор (120 млн), «Манчестер Сити» сапындағы Фил Фоден (110 млн) және Лондонның «Арсеналының» ойыншысы Букайо Сака (100 миллион). Шабуылды ПСЖ ойыншысы Килиан Мбаппе (180 млн) және «Манчестер Ситиден» Эрлинг Холанд (170 млн) ұсынады.