Элизабет Тұрсынбаева депутаттыққа кандидат болды (видео)  
Элизабет Тұрсынбаева депутаттыққа кандидат болды (видео)  
Фото: meta-ratings.kz
864
оқылды
Мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева депутаттыққа кандидат ретінде тіркелді. Енді спортшы алдағы саяси бәсекеде бағын сынап көрмек. Бұл туралы Instagram-дағы парақшасында жазба жариялады. Ол спортта жетістікке жеткен сәтте қолдау білдірген халыққа сенім артатынын, ел үмітін ақтайтынын жеткізді. «AMANAT» партиясынан Алматы қалалық мәслихатына депутаттыққа кандидат ретінде тіркелді.  
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Elizabet Tursynbaeva (@elizabetkz)

Элизабет Тұрсынбаева 2021 жылы спорттағы карьерасын аяқтады. Оның спорттан қол үзуіне жарақаты себеп болған.
«Жарақат салдарынан мамыр айының соңына дейін жаттығу жасауға жағдай болған жоқ. Қазір Қазақстанда жүрмін. Бұдан былай балаларды спортқа баулимын, өз тәжірибемді үйретіп, спортшылардың шеберлігін арттыруға көңіл бөлемін. Мәнерлеп сырғанауды дамыту жоспарымды іске асырудың сәті келді», – деді Элизабет Тұрсынбаева.
Ол 2000 жылы 14 ақпанда дүниеге келген. 2019 жылы әлем чемпионатында күміс жүлде иеленді. Ұлттық құрама қатарында 51 жарысқа қатысты. Халықаралық сайыстарда барлығы 39 медаль алды. Оның 17-сі – алтын. Спорт тарихында ересектер арасында халықаралық жарыстарда төрт айналып секіруді орындаған алғашқы мәнерлеп сырғанаушы ретінде танымал. Ол бұған дейін анасының сөзі үшін елден кешірім сұраған еді.