Respublica партиясы Орталық сайлау комиссиясына құжат тапсырды
Respublica партиясы Орталық сайлау комиссиясына құжат тапсырды
Фото: vlast.kz/Тамара Вааль
551
оқылды
Respublica партиясы 19 наурызда өтетін кезектен тыс Мәжіліс және мәслихаттар депутаттары сайлауына қатысады. Партия өкілдері құжаттарды Орталық сайлау комиссиясына өткізді. ОСК мүшелері Respublica партиясының өкілдері тапсырған әр құжатты жеке-жеке тексерді.
«Қажетті құжаттар Сайлау туралы заңның 87-бабында көрсетілген тізім бойынша ұсынылады. Ұсынылған құжаттар бойынша ескертулер жоқ», – деді ОСК құжаттарды қабылдау комиссиясының басшысы Әлия Ғалымова.
1nform.kz-тің жазуынша, Respublica партиясынан сайлауға 25 кандидат пен бірмандатты сайлау жүйесі бойынша 4 үміткер түседі.
«ОСК-ға қажетті құжаттарды тапсырдық. Партия атынан сайлауда 25 кандидат және 4 үміткер бірмандатты сайлау жүйесі бойынша бақ сынайды. Оның ішінде, ерлер – 17, әйелдер – 8. Кандидаттардың орта жасы – 38. Үміткерлердің ең кішісі 25-те, үлкені – 51 жаста», – деді Respublica партиясының сайлауалды штабының басшысы Олжас Құспеков.
Айта кетейік, Respublica партиясы биыл 18 қаңтарда ресми түрде тіркелді.