Головкин тізімде жоқ
Головкин тізімде жоқ
497
оқылды
Халықаралық бокс феде­рациясы (IBF) жаңа рейтинг жариялады. Геннадий Головкин орта сал­мақта бразилиялық Эскива Фаль­­каомен (30-0, 20 КО) жұ­дырықтасуға міндетті еді. Алайда ол белбеуден де, ринкке шығудан да бас тартты. Көп өт­пей, Халық­аралық бокс феде­рациясы Генна­дий Головкинді (42-2-1, 37 КО) рейтингтен шы­ғарып тас­тады. Осыдан кейін рейтингіде бірін­ші Фалькао, екінші аус­тралия­лық Майкл Зерафа (31-4, 19 КО), ал үшінші германиялық Винченцо Гуальтьери (20-0-1, 7 КО) тұр. Ал орта дивизиондағы IBF белбеуінің әзірге иесі жоқ.