Жарылыс көпқабатты үйде болды.
Жаңаөзенде жарылыс болып, 11 адам зардап шекті
1,956
оқылды

Бүгін таңғы сағат 5.00 шамасында (Астана уақытымен) Жаңаөзен қаласында жарылыс болды. Бұл туралы Aikyn.kz Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қаладағы 2-шағынауданда екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үйде алдын ала болжам бойынша газ жарылды. Салдарынан 150 шаршы метр үйдің кіреберісі қираған. 

Оқиға орнында өрт болған жоқ (үйдің жалпы ауданы 600 ш.м.). 

 

Алдын ала мәлімет бойынша 11 адам зардап шеккен. Оқиғаның себебін мамандар анықтап жатыр. 

Үйіндіні ашуға Маңғыстау облысы ТЖД 50-ден астам құтқарушы және кинологиялық есептоп, 10 бірлік техника, жедел медициналық көмек және жергілікті атқарушы органдардың мамандары жұмылдырылды.