Қазіргі мәлімет бойынша құтқарушылар үйінді астынан аман қалған 4 адамды құтқарды.
Жаңаөзенде құтқарушылар үйінді астынан 3 адамның мәйітін алып шықты
1,243
оқылды

Бүгін Жаңаөзенде екі қабатты үйде жарылыс болды. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, мамандар үйіндіні аршып жатыр. 

Құтқарушылар үйінді астынан аман қалған тағы үш адамды алып шықты. Ер мен әйел адам және бір бала аман-есен.

Қазіргі мәлімет бойынша құтқарушылар үйінді астынан 4 аман қалған адам мен 3 адамның мәйітін алып шықты.

Құтқарылғандарды және медициналық көмекке жүгінгендерді қосқанда барлығы 8 адам ауруханаға жатқызылды.

Үйінділерді талдау бойынша жедел жұмыстарға 40-қа жуық техника мен 350-ге жуық адам жұмылдырылды.