Апат орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.
Жаңаөзенде үйіндінің астынан тағы бір адамның мәйіті табылды
1,683
оқылды

Таңертең Жаңаөзенде екі қабатты үйде жарылыс болды. 

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, мамандар құтқару жұмысын үздіксіз жүргізіп жатыр. 

Сағат 11.45-те үйінді астынан әйелдің мәйіті шығарылды. 

Қазіргі кезге дейін үйінді астынан 4 аман қалған адам мен 4 адамның мәйітін алып шықты. 

6 адам ауруханаға жатқызылды.

Апат орнында мамандар жұмыс істеп жатыр.