Санитарлық авиациямен Ақтауға жеткізілген 51 жастағы ер адамның денесінің 70 пайызын күйік шалған.
Жаңаөзендегі жарылыс: зардап шеккен үш науқастың жағдайы ауыр
910
оқылды

Маңғыстау облысында газ жарылысынан зардап шеккендердің жағдайы ауыр, – деп хабарлайды «Хабар 24».

Санитарлық авиациямен Ақтауға жеткізілген 51 жастағы ер адамның денесінің 70 пайызын күйік шалған. Тағы екі адам Жаңаөзен ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.

23 жастағы әйелдің денесінің 30 пайызын күйік шалған, омыртқасы сынған. Оған операция жасалып үлгерді. Үйінділердің астынан тартылған 46 жастағы ер адамға да операция жасалды. Дәрігерлер екі аяғын да құтқара алды.

Сонымен қатар  травматология бөлімінде күйік алған тағы үш адам емделіп жатыр: 9 және 15 жастағы қыздар, сондай-ақ 58 жастағы ер адам. Дәрігерлер олардың жағдайын орташа ауырлық дәрежесі ретінде бағалайды.