Күзетшілер президентті жабуға тырысқанымен, жұмыртқа оның маңдайына дәл тиген.
Айта кетсек, Франция президенті мұндай жағдайға бірінші рет тап болып отырған жоқ. 2021 жылдың қыркүйегінде Лиондағы халықаралық тамақтандыру және қонақжайлылық жәрмеңкесі аясында көрмені аралап бара жатқанда да оған лақтырылған жұмыртқа иығына тиген еді.
Бұл жолы Эммануэль Макрон зейнет жасын 64-ке дейін көтеруді көздейтін зейнетақы реформасы туралы заң жобасына қол қойған болатын. Оны Франция азаматтары теріс қабылдап, елде ондаған митинг өтті.