Әнші Аша Матай жары Арман Қоңырмен арақатынасы жайлы тосын ақпаратпен бөлісті. Тұңғышын дүниеге әкелгеннен кейін Арманның "Бөлек жатамын" дегенін, оған қалай жауап бергені туралы Аша "Қыздар-ай" бағдарламасында айтты.
Аша Матай: Күйеуім бөлек жатамын деді
2,072
оқылды

"Бірінші бала дүниеге келді. Үйге келгенімізге үшінші түн. Арман: "Мен шаршадым. Ұйқым қанбады. Мен басқа бөлмеге барып жатайыншы” дейді. “Айналайын, қайдағы басқа бөлме? Мен де кетіп қалайын онда. Бала өзімен-өзі жата берсін” дедім. Сөйтсем маған біртүрлі қарайды. “Ол сенің және менің балам. Екеумізден басқа ешкімге керек емес. Мен де шаршадым. Мен де қашқым келіп тұр. Бірақ қайтеміз енді. Амал қанша?!" дедім. Содан кейін тфай-тфай барлығы жақсы болып кетті. Баламен тек анасы ғана жатады деген болмайды. Ондайға келіспеңіздер", – деді ол.