Ер адам жолаушының қалтасынан қымбат ұялы телефон ұрлады деген күдікке ілінді.
Алматыда автобустағы ұрлық видеоға түсіп қалды
1,006
оқылды

Алматыда қоғамдық көлікте ұрлық жасаған 29 жастағы ер адам ұсталды, – деп хабарлайды  Polisia.kz сайты.

Қалалық криминалдық полицияның арнайы тобы мен Жетісу аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері Әуезов ауданының бұрын сотталған тұрғынын ұстады. Ер адам жолаушының қалтасынан қымбат ұялы телефон ұрлады деген күдікке ілінді.

Күдікті қамауға алынып, телефон тәркіленді. Қазіргі уақытта соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, полицейлер азаматтың қала аумағында басқа да ықтимал қылмыстарды жасауға қатыстылығын анықтап отыр.