Қылмысты ашу мақсатында жедел тергеу тобы құрылған
Алматыда ұялы телефон дүкенінен 15 смартфон ұрлағандар ұсталды
1,231
оқылды
Алматыда ұялы телефон дүкенінен 15 смартфон ұрлағандар ұсталды. Ұрылардың витринаның әйнегін сындырып, ішке кіргені анықталды, деп хабарлайды polisia.kz.
"Бұл қылмысты ашу мақсатында жедел тергеу тобы құрылды. Ұрлыққа қатысы болуы мүмкін екі адам белгілі болды. Күдіктілердің екеуі де Түркістан облысының тумасы. Т.есімді азамат 27 жаста, Ж.есімді азамат 24 жаста. Күдіктілер ұсталып, қамауға алынды. Қаскөйлер ұрланған мүлікті кәдеге жаратып үлгермеген. Телефондар тәркіленді. Ал ұсталғандардың жеке басы басқа да ықтимал эпизодтарға қатысы бар-жоғына тексеріліп жатыр".- деді Алмалы аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімінің бастығы Батұржан Абдумасаров.
ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.