Өзбекстанның Сырдария облысында үш адам сыртта орналасқан дәретханаға түсіп кеткен телефонды алуға тырысып жатқан кезде көз жұмды, – деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Дәретханаға түскен телефонды аламыз деп үш адам қаза тапты
2,049
оқылды

Қайғылы оқиға 27 сәуірде Сырдария облысы Сардоба ауданының Файзиабад махалласында болды, деп жазады Podrobno.uz Өзбекстан прокуратурасына сілтеме жасай отырып. 

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, үй иесінің телефоны шұңқырға түсіп кеткен. Ер адам әкесі мен інісін көмекке шақырған. Үшеуі де гаджетті алу үшін дәретханаға түсіп, есінен танып қалған. Ер адамдар сол жерде көз жұмды. 

Прокуратура жазатайым оқиға салдарынан ер адамдар қаза тапқанын, сақтық шараларын сақтағанын атап өтті. Аудандық ведомство бұл жағдайға тексеру жүргізеді.