Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл күтіледі
Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды
2,790
оқылды

Синоптиктер еліміздің 14 өңірінде дауылды ескерту жариялады.

Қостанай облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстік- шығысында 2 градус үсік жүреді.

Күндіз 2 мамырда Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, түнде облыстың орталығында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда қаласында күндіз 2 мамырда шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз күші 15-20 м/с болады.

2 мамырда Атырау облысының батысында найзағай, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.

2 мамырда Ұлытау облысында солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Алдағы 3 сағатта, 2 мамырда тәулік бойы Жетісу облысының Алакөл ауданында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 17-22, екпіні 30 м/с және одан аса сақталады.

2 мамырда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

2 мамырда Абай облысының солтүстігінде, орталығында, шағысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Семей қаласында 2 мамырда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

2 мамырда түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында, күндіз облыстың басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Өскемен қаласында 2 мамырда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

2 мамырда Маңғыстау облысының басым бөлігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қаласында 2 мамырда найзағай күтіледі. Күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі.

2 мамырда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с күтіледі. Қарағанды қаласында 2 мамырда түнде 1-3 градус үсік күтіледі.

2 мамырда Алматы облысының таулы аудандарда кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, күндіз кей уақытта 23-28 м/с. Түнде облыстың таулы аудандарында 1-6 градус үсік күтіледі. Қонаев қаласында 2 мамырда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.2 мамырда Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Шымкент қаласында 2 мамырда күндіз шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с. Түркістан қаласында 2 мамырда күндіз шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, кей уақытта 23 м/с.

2 мамырда Жетісу облысының оңтүстігінде,шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады күші 17-22 м/с. Түнде облыстың таулы аудандарында 2 градус аяз күтіледі.

2 мамырда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. 02-03 мамырда облыстың солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Тараз қаласында 2-3 мамырда солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, таңертең және күндіз екпіні 25 м/с болады.