Ақмола облысының солтүстігінде, батысында найзағай күтіледі.
Дауыл, бұршақ, үсік: 11 өңірде ескерту жарияланды
17,432
оқылды

«Қазгидромет» РМК ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.

Атырау облысының солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде шаңды дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысып жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысының солтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с. 

Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында 15-20 м/с.

Ақтөбе облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік жартысында екпіні 17 м/с күтіледі.

Қостанай облысының батысында, солтүстік-батысында, шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетіндегі 2 градус үсік күтіледі. Облыстың орталық бөлігінде жоғары өрт қауіптілігі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с. 

Қызылорда облысының шығысында  өрт қаупі күтіледі. 

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Ақтөбе облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында екпіні 15 м/с күтіледі.

08 мамырда сағат 21.00-ден 09 мамыр күні сағат 21.00-ге дейін Өскемен, Риддер қалалары бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады.

08 мамырда сағат 21.00-ден 09 мамыр күні сағат 09.00-ге дейін Семей қаласы бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады.