Жыл басынан бері облыс аумағында осындай үш оқиға болған.
Орал қаласында сауда орталығына белгісіз біреу бомба қойылғаны туралы хабарлаған
1,619
оқылды

Орал қаласында сауда орталығында бомба бар деген хабар жалған болып шықты.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 31 мамыр күні Әбілқайыр хан даңғылы бойында орналасқан «Орал» сауда ойын-сауық орталығында болды.

«Сағат 09.25-те 102 телефонына аталмыш орталыққа бомба қойылғаны жөнінде хабар түскен. Полиция қызметкерлері сол маңды қоршап, сауда орталығынан адамдарды шығарды. Саперлер сауда орталығы мен сол маңды қараған кезде жарылғыш зат табылған жоқ. Аталған дерек Орал қаласы ақпараттарды есепке алу кітабында тіркелді. Жыл басынан бері облыс аумағында осындай үш оқиға болды. Соның біреуі бойынша ҚР ҚК 273-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады ведомстводан.