2023 жылы 2 шілдеде сағат 5.23-те Өскемен қаласы Қазақстан көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан дәмханада өрт болды. Қою қара түтін бүкіл ауданды басып қалды.
Өскеменде дәмхана өртеніп, 55 адам эвакуацияланды
1,073
оқылды

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнына шұғыл жеткен өрт сөндірушілер дереу тұрғындарды эвакуациялауға кірісті. Барлығы 55 адам эвакуацияланды, оның ішінде – 10 бала.

"Өрт сөндірушілер сағат 6.19-да 120 шаршы метр ауданды алған өртті сөндірді. Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге ШҚО ТЖД Өрт сөндіру қызметінің 28 адамы мен 9 техникасы жұмылдырылды", – делінген құзырлы ведомство хабарламасында.

Өрттің шығу себебі бойынша отты абайсыз пайдалану және қасақана өртеу болжамдары пысықталуда.