Бұл туралы Алматы қалалық прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Мефедрон сатумен айналысқан алматылық жігітке қатысты сот үкімі шықты
1,128
оқылды

Алматыда мефедрон сатумен айналысқан жігіт 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

«Медеу соты А. есімді жас жігітті соттады. Ол Telegram-да Cesare интернет дүкені арқылы өткізу курьері ретінде жұмысқа қабылдау туралы хабарландыруды көріп, есірткіні жасырын белгілеп қою арқылы елеулі табыс табуға уәде берген Houston лақап атты адаммен хабарласқан»,  делінген хабарламада. 

Сонымен қатар жігіттің жалға алған пәтерінен аса ірі көлемде «мефедрон» табылып, оны дайындап, өлшеп-орауды жүзеге асырғаны анықталған.

«Нәтижесінде, сот оны кінәлі деп танып, 10 жылға соттады», деп хабарлады қалалық прокуратура.