Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекараны демаркациялау аяқталды
1,160
оқылды

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекараны демаркациялау процесі толық аяқталды.

«4 шілдеде Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы қазақ-өзбек мемлекеттік шекарасын демаркациялау туралы шарт күшіне енді. Шартқа 2022 жылдың 2 желтоқсанында Ташкентте екі мемлекеттің басшылары қол қойып, парламенттері ратификациялады. Осы шарттың күшіне енуі Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекараны демаркациялаудың 19 жылдық процесіне нүкте қояды», –  деді Айбек Смадияров БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингте.