Көші-қон заңнамасын бұзғандардың бәрі «Тәжен» бақылау-өткізу бекеті арқылы шығарылып, 5 жыл мерзімге Қазақстанға кіруге тыйым салынды
Заңсыз жұмыс істеген 10 өзбекстандық 5 жылға елден қуылды
909
оқылды

Батыс Қазақстан облысында көші-қон заңнамасын бұзған 8 өзбекстандық елден шығарылды

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, көші-қон қызметі басқармасы сот шешімін орындау мақсатында ҚР көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған Өзбекстанның 7 азаматын мәжбүрлі түрде елден шығарды.

«Сонымен қатар, Бөрлі ауданы полиция бөлімі көші-қон қызметі тобының инспекторы, полиция капитаны Сауалат Тұрымов жүргізген жедел іздестіру іс-шарасы барысында бұдан бұрын аудандық сот шешімімен елден шығарылған өзбекстандық азаматтың Ақтау қаласы аумағында жүргенін анықтады. Ол 2022 жылдың тамызынан бері іздестірілген болатын. Көші-қон заңнамасын бұзғандардың бәрі «Тәжен» бақылау-өткізу бекеті арқылы шығарылып, 5 жыл мерзімге Қазақстанға кіруге тыйым салынды», - деп хабарлады ведомстводан.