Барлық жағдайда 70 және 83 жастағы зейнеткерлер жәбірленуші болып шықты
Астанада үш зейнеткерді алдап кеткен алаяқ ұсталды
635
оқылды
Бір күнде Степногорск қаласында тұратын үш зейнеткерді алдап, ақша алған деген астаналық азамат ұсталды.

Өңірлік ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақмола полицейлері "курьерді" Астана қаласындағы тұрғылықты жерінен ұстады.

"12 тамызда Степногорск қаласының полиция басқармасына алаяқтық фактілері бойынша бірден үш өтініш түсті. Барлық жағдайда 70 және 83 жастағы зейнеткерлер жәбірленуші болып шықты. Өтініш берушілердің айғақтары да ұқсас болды: белгісіз адамдар қоңырау шалып, балалар жол-көлік оқиғаларына тап болды деп хабарлағаннан кейін, алаяқтар мәселені шешулері үшін белгілі бір ақша сұраған. Дабыл қаққан қарт адамдар ойланбастан жинаған ақшаларын берген", делінген хабарламада.

 

Екі жағдайда 1 млн теңгеден, үшіншісінде алаяқтарға берілген ақша 1,2 млн теңге болған.