Өзбекстан бойынша 2022 жылы некесіз туған 18 955 бала тіркелді.
Өзбекстанда көп әйел алғандар мен бетін тұмшалағандар жауапқа тартылады
1,185
оқылды

Өзбекстанда депутаттар көп әйел алуға және адамның сырт келбетін анықтауға мүмкіндік бермейтін жабық киім киюге тыйым салатын заң жобасын қабылдады.

 

Заңда азаматтардың ұлттық, нәсілдік, этникалық немесе діни қатыстылығына қарай артықшылығын немесе кемсітуді насихаттағаны үшін жауапкершілік белгілеу көзделеді.

Бұдан басқа, некесін заңды тәртіппен тіркемей, діни рәсіммен некелескені үшін жауапкершілік енгізіледі, – деп жазады gazeta.uz.

Құжатқа сәйкес, өзбекстандықтар келесі құқықбұзушылықтар үшін жауапкершілікке тартылатын болады:

  •  ұлты, нәсілі, этникалық және діни белгілері бойынша азаматтардың үстемдігін немесе толымсыздығын насихаттау;
  •  заң тәртібімен тіркелмеген некені діни рәсіммен қию;
  •  екі және одан көп әйелмен бірге тұруды насихаттау;
  •  әйелдер мен ерлердің тең құқығын ашық түрде мойындамау;
  •  азаматтың бет-бейнесін тануға кедергі келтіретін киім-кешекті қоғамдық орында киіп жүру.

Парламенттің төменгі палатасының мәліметі бойынша, некесіз туған балалардың саны да өсті. Өзбекстан бойынша 2022 жылы некесіз туған 18 955 бала тіркелді. 2021 жылы 19 037 бала, ал 2020 жылы 16 564 бала некесіз тіркелген.