"Қазгидромет" РМК 11 қыркүйекке арналған Қазақстан аумағы бойынша синоптикалық жағдай мен қолайсыз ауа райы құбылыстарының болжамымен бөлісті.
Синоптиктердің болжауынша, 11 қыркүйекте республикамыздың басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, қатты жел тұрады.
"Циклон және онымен байланысты жүрген фронтальды бөліктер еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен найзағайдың болуына ықпал етеді. Қазақстанның солтүстігінде, солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында, орталығында қатты жаңбыр болады деп күтіледі. Республикамыздың солтүстігінде, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында екпінді жел тұрады, ел орталығында бұршақ түседі, ал солтүстік, солтүстік-батыс өңірлерде тұман түседі, сондай-ақ оңтүстік аймақтарда шаңды дауыл тұрады деп болжанады",– деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.
Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде, Атырау өңірінің солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, Қарағанды және Ұлытау облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі, сондай-ақ өңірдің солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Павлодар облысының оңтүстігінде, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Маңғыстау облысының орталығында өрт қаупі жоғары.