Полиция қызметкерлері Диас Рахметов пен Ерқанат Рахимов зейнеткерге қызының жағдайы жақсы екенін айтып, ақшаны кері қайтарып берді.
Қостанайлық таксист зейнеткерді алаяқтардан құтқарып қалды
1,551
оқылды
Лисаков қаласынан Рудныйға ірі сомадағы ақшаны жеткізуі тиіс такси жүргізушісі өз-өзінен сезіктеніп, полицияға хабар берген. Осылайша ер адам алаяқтықтың алдын алуға көмектесті.

Оқиға 14 қыркүйекте Лисаков қаласында болған. Такси жүргізушісі Серік Нағашыбаевқа Лисаков қаласындағы бір мекенжайдан заттар салынған сөмкені алып, Рудныйға жеткізу қажет екенін айтқан әйелден өтініш түскен. Әйел жеткізу сомасын 8 мың теңге деп көрсеткен.

Пакетті такси жүргізушісіне 80 жастағы зейнеткер берген. Ол қызының қиын жағдайға тап болғанын және тез арада заттарын жеткізу керектігін айтады.

Серік Нағашыбаев аталған мән-жайдан күдіктеніп, полицияға хабарласқан.

Зейнеткер қылмыскерлердің өзі шақырған такси арқылы алаяқтарға 3 миллион теңге аудармақ болған.

Полиция қызметкерлері Диас Рахметов пен Ерқанат Рахимов зейнеткерге қызының жағдайы жақсы екенін айтып, ақшаны кері қайтарып берді.

Қазіргі таңда полицейлер алаяқтық жасамақ болған адамдарды анықтау мақсатында жедел іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.