Жаннұр Еңсебек барлық сұраққа дұрыс жауап беріп, ең жоғары балл жинады.
Барлық сұраққа дұрыс жауап берген: ауыл баласы ҰБТ-да рекорд орнатты
8,416
оқылды

Ұлттық бірыңғай тестілеуде жаңа рекорд тіркелді. Барлық сұраққа дұрыс жауап беріп, максималды балл жинаған түлек белгілі болды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.   

Алматы облысы Талғар ауданы Қарабұлақ ауылының №22 жалпы білім беретін орта мектебі түлегі Жаннұр Еңсебек барлық сұраққа дұрыс жауап беріп, ең жоғары балл жинады. Ол 140 балл алып, рекордты жаңартып отыр.

Осылайша ауылдың баласы жетістігімен жұртты таңғалдырды. 

Еске сала кетейік, бұған дейін жаңаөзендік Абзал Оңғарбаев 139 балл жинап, үздік нәтиже көрсеткен болатын. 

Кентаулық түлек Айдос Қожанов та ұлттық бірыңғай тестілеуде  жоғары нәтижеге қол жеткізді. Ол 138 бал жинаған. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.