Балабақша тәрбиешісі 25 баланы бір көлікке отырғызып тасымалдаған.
25 баланы шағын көлікпен тасымалдаған тәрбиеші ұсталды – видео
3,715
оқылды

Өзбекстан полицейлері 25 баланы бір көлікпен тасымалдаған әйелді күре жолдың бойында тоқтатты. Бұл туралы Aikyn.kz gazeta.uz-ға сілтеме жасап хабарлайды.  

Chevrolet Spark маркалы шағын көлікті тоқтатқан тәртіп сақшылары көлік салонындағы 25 баланы көрген кезде өз көзіне өзі сенбеген. 

 

Бұхара облысында тәрбиеші жекеменшік балабақшаға баратын балаларды осы шағын көлікпен тасымалдаған. Көліктің салонымен қатар жүк салғышқа да балаларды тікесінен тік тұрғызып тиеп алған. 

Көлік тізгіндеген тәрбиеші тәртіп сақшыларына бұл жайт бірінші болып тұрғанын, балабақшаның таяу маңда екенін айтып ақталған. 

Полиция оқиғаның мән-жайын тергеуден соң жариялайды. Ата-аналарға бала өмірі үшін жауапты екенін айтып, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.