Өзбекстан қытайлық әріптестерімен бірлесіп, жыл сайын 300 мыңға дейін электрлі және гибридті көлік шығаруды жоспарлап отыр, – деп хабарлайды «ҚазАқпарат» Түркияның Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Өзбекстан электромобильдер шығарады
1,804
оқылды

Ташкент қаласында Өзбекстанның Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігі мен Қытай BYD конгломераты арасында «Өзбекстанда электр және гибридті көлік құралдары мен олардың құрамдас бөліктерін өндіруді ұйымдастыру» инвестициялық келісіміне қол қою рәсімі өтті.

«Құжатқа сәйкес, BYD Auto мен «Узавтосаноат» АҚ бірлесіп электрлі және гибридті автомобильдер шығаратын «BYD Uzbekistan Factory» кәсіпорнын құрмақ. Инвестициялық жобаның бірінші және екінші кезеңінде жоспарланған өндіріс көлемі 50 мың бірлікті құрайды, ал үшінші кезеңнің соңында бұл көрсеткіш 300 мың автомобильге жетеді», – делінген министрлік хабарламасында.

BYD Uzbekistan Factory қытайлықтардың Қытайдан тыс электр көліктері бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі саналатын алғашқы бірлескен кәсіпорны болмақ.

Фото: https://www.gazeta.uz/