Қайғылы оқиға 5 қазан күні болған.
Қайыңдыға барар жолда туристер мінген автобус апатқа ұшырап, бір адам көз жұмды
1,346
оқылды

Алматы облысындағы Қайыңды-Саты бағытындағы жолда автобус пен УАЗ соқтығысып, салдарынан бір адам мерт болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алматы облыстық полиция басқармасының мәліметінше, қайғылы оқиға 5 қазан күні сағат 14:40 шамасында болған.

"5 қазан күні сағат 14:40 шамасында Кеген ауданы Саты а/о аумағында, "Қайыңды-Саты" таулы автожолының 9 шақырымында 47 жастағы автобус жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, 1997 жылғы жүргізушінің басқаруындағы "УАЗ" автокөлігімен соқтығысқан", – деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.

Болған оқиға ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлімінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша Кеген ауданы ПБ-да тіркелді. 

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан 36 жастағы жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Сонымен қатар, түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға 6 адам жеткізілді", – деді Алматы облысы ПД бастығы. 

Қазір автобус жүргізушісі Кеген ауданындағы уақытша ұстау изоляторына қамалған. Жол-көлік оқиғасының мән-жайы объективті зерттеуге бағытталған сараптамалар тағайындау арқылы қажетті тергеу жұмыстары негізінде анықталады.