Алматыда туристік агенттік қызметкерінің басына қайшы тығып алған әйел ұсталды, деп хабарлайды Aikyn.kz.
Алматыда әйел туристік агенттік қызметкерінің басына қайшы қадап алған
1,694
оқылды

Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Қайрат Нұрмағамбетовтың айтуынша, бұл факті Алмалы ауданы ПБ жанындағы полиция бөлімінде ҚР Қылмыстық кодексінің 389-бабы 3-бөлігі бойынша тергеліп жатыр. 

"1978 жылғы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жәбірленушінің алған дене жарақаттарының ауырлық дәрежесін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қылмыстық іс бойынша жүргізіліп жатқан тергеу шараларының нәтижесіне сәйкес шешім қабылданады", – деді Қайрат Нұрмағамбетов.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыдағы туристік агенттіктің қызметкеріне клиенттерінің бірі шабуыл жасап, қайшы тығып алғаны туралы жазған болатынбыз.