Астанада тұрақта тұрған көліктен ер адамның мәйіті табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz .inform.kz-ке сілтеме жасап.
Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, 18 қазан күні автотұрақтағы көлік салонынан 49 жастағы ер адамның мәйіті табылған.
«Ол көлік салонында жалғыз болған, зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Факт сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар жүргізілуде. Қосымша ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді», – деп жазылған ресми жауапта.
Бұған дейін Facebook желісіндегі «Астана, хочу похвалить/пожаловаться» тобында М. Мақатаев көшесіндегі жағалау маңындағы автотұрақта ер адамның мәйіті табылғаны жазылған еді.