«АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің Костенко атындағы шахтадағы аварияны жою бойынша штабқа оқиға орнына басшылық ету үшін ТЖ министрі, генерал-майор Сырым Шәріпханов барды.
Төтенше жағдайлар министрі апат болған Костенко шахтасына барды
1,456
оқылды

Аварияны жою жоспары енгізілді.  Бұл туралы Aikyn.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Қосымша тау-кен құтқарушыларының күштері енгізілуде. Іздестіру-құтқару жұмыстарына барлығы Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің 50 адамы және 8 бірлік техникасы тартылды. 

Сондай-ақ оқиға орнында ТЖМ бөлімшелерінің 22 қызметкері жұмылдырылған.

Ақпараттық және психологиялық қолдау көрсету үшін Қарағанды қаласында (ТЖД 8-7212-51-72-23, АрселорМиттал Теміртау 8-7212-49-72-70) және Астанада (8-7172-70-41-08) "жедел желі" телефондары ашылды.