Қылмыстық «бизнес» үлкен пайда мен құпиялылықты уәде ете отырып, Қазақстанның жас қыздарын алдап-арбау арқылы жыныстық құлдыққа тартуға бағытталған.
ІІМ заңсыз притондар мен казинолардың жұмысын ұйымдастырған 5 адамды ұстады
611
оқылды

Ішкі істер министрлігі ҰҚК-мен бірлесіп, «Қорғас шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» АҚ аумағындағы сауықтыру орталығы мен қонақүй кешенін бүркемелеп, заңсыз ұйымдастырылған притондар мен казинолардың жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған әрбір нысан тәулік бойы жұмыс істеп, күзетпен және қатаң фейс-бақылаумен қамтамасыз етіліп, негізінен шетелдік азаматтарды ғана қабылдап отырған. Қылмыстық «бизнес» үлкен пайда мен құпиялылықты уәде ете отырып, Қазақстанның жас қыздарын алдап-арбау арқылы жыныстық құлдыққа тартуға бағытталған.

« Жетісу облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының және ҰҚКД 5 басқармасының қызметкерлері прокуратурамен келісе отырып, бес негізгі фигурантты, оның ішінде екі шетелдік азаматты ұстады. Сондай-ақ интимдік қызмет көрсетумен айналысатын 18 жастан 36 жасқа дейінгі жалпы 21 адам жеткізілді, оның ішінде 6 шетелдік әйел бар. Тінту іс-шараларының нәтижелері бойынша ақша, ойын автоматтары, покер үстелдері және басқа да заттай дәлелдемелер алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді Жетісу облысының Полиция департаменті жүргізіледі», – деді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.