Синоптиктер күздің соңғы айында Қазақстанда күн райы қандай болатынын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл ретте республиканың басым бөлігінде циклондар мен антициклондардың ауысуымен жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады, тұман түсіп, екпінді жел соғады, күн райы құбылмалы болады.
Тек республиканың батысы мен оңтүстігінде – қарашаның басында, ал бірінші онкүндіктің ортасынан бастап Қазақстан Республикасының басым бөлігінде жауын-шашын тоқтайды деп болжанады.
Температуралық фон:
республиканың батыс аймақтарында күн әлі де айтарлықтай жылы болады, ауаның негізгі фондық температурасы түнде +2+10°C, күндіз +12+18°C-қа дейін жылынады;
Қазақстан Республикасының солтүстік-батысында (Ақтөбе облысы) ауа температурасы түнде 0,+8°С-тан -5+5°С-қа дейін, күндіз +7+12°С-қа дейін, облыстың оңтүстігі +15°С-тан +5+ 10°С-қа дейін құбылады;
Қазақстанның солтүстік жартысында, орталықта, шығысында түнде -5+2°С-тан +3+8°С-қа дейін, күндіз +3+12°С-тан -2+3°С-қа дейін өзгереді;
оңтүстік облыстарда – түнде -5+5°С-тан +3+8°С-қа дейін, күндіз ауа +8+13°С-тан +12+17°С-қа дейін, кей күндері +20°С-қа дейін жылынады.
Қарашаның бірінші онкүндігінің соңы мен екінші онкүндігінің басында антициклонның әлсіреуімен күн жылынады.
Қарашаның екінші және үшінші онкүндігінде де күн райы құбылмалы болады: жылы және аязды күндер жиі алмасып тұрады, жауын-шашын (жаңбыр, қар), екпінді жел болжанды. Солтүстік облыстарда кей күндері бұрқасын болуы мүмкін, Қазақстан Республикасының аумағында көктайғақ пен тұманды болады.
Республиканың солтүстік жартысында, шығысында және орталығында айдың екінші жартысында аязды күндер басталады, ең суық күндерде термометр:
Қазақстан Республикасының солтүстік жартысында – түнде –15-22°С, күндіз –5-13°С-қа дейін;
Республиканың оңтүстік жартысы мен оңтүстік-батысында түнде -3-12°С-қа дейін, күндіз -1+5°С-қа дейін төмендейді.
Ал екінші және үшінші онкүндіктегі ең жылы күндерде, Иран аймақтары мен Жерорта теңізінен жылы ауа массаларының келуімен күн:
солтүстік жартысында күндіз +3+10°С-қа дейін;
республиканың оңтүстік жартысында күндіз +8+17°С-қа дейін жылы болады.
Алдын ала болжам бойынша қарашада ауаның орташа айлық температурасы республиканың басым бөлігінде нормадан 1-2° жоғары, Жетісудың оңтүстігінде және Алматы облысының оңтүстік-шығыс жартысында нормаға жақын болады деп болжанды.
Қараша айында жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде нормаға жақын, Қызылорда, Түркістанның басым бөлігінде, Жамбылдың солтүстік-батысында, Маңғыстау, Ақтөбенің оңтүстік-шығыс жартысында, Ұлытау облысының оңтүстік-батысында нормадан аз болады деп болжанды.